№ 5 Саркөл сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихатының депутаты Тәжібаева Жанар Кәрібайқызының

ӨМІРБАЯНЫ

Тәжібаева Жанар Кәрібайқызы 1978 жылы 24 ақпанда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Саркөл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1996-1997 жылдары Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Темір қаласындағы бастауыш класс мұғалімін даярлайтын педагогикалық курста білім алып, 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бастауыш пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Құмсай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 2003-2009 жылдары Құмсай негізгі мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009 жылдан бастап Құмсай негізгі мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.