№ 7 сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихатының депутаты Есқалиев Қанзада Сабырұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Есқалиев Қанзада Сабырұлы 1955 жылы 16 қарашада Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Мұнай өңдеу басқармасында жұмысшы болып бастаған. 1975-1977 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген. 1977-1981 жылдары Мұнай өңдеу басқармасында механизатор, 1981-1997 жылдары Кеңқияқ көлік басқармасында, «Тампонаж» мекемесінде жүргізуші, колонна бастығы, басқарма бастығының орынбасары, 1997 жылдан бастап «Кеңқияқ мұнай-газ өндіру» басқармасында басқарма бастығының жалпы мәселер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Үйленген, отбасында 3 бала тәрбиелеп өсірген.