№ 8 Кеңқияқ сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихатының депутаты Балбосынов Ерсайын Балбосынұлының

ӨМІРБАЯНЫ

Балбосынов Ерсайын Балбосынұлы 1956 жылы 2 наурызда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1979 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын емдеу мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасында рентгенология мамандығы бойынша интернатурадан өткен 1980-1985 жылдары Исатай аудандық орталық ауруханасында дәрігер-рентгенолог, 1985 жылдың соңында Темір орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің дәрігері, бас дәрігердің орынбасары, дәрігер-рентгенолог, Теміржол ауруханасында дәрігер-рентгенолог, бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. 1995 жылы Темір аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Темір аймақтық медициналық бірлестігінің бас директоры, Темір аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. 2003-2005 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары, 2005-2015 жылдары Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері . 2015 жылдың ақпан айынан бастап Темір аудандық Туберкулез ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келеді.

Үйленген, отбасында 2 бала тәрбиелеп өсірген.