№ 10 сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихатының депутаты Қалиева Гүлзира Теңізбайқызының

ӨМІРБАЯНЫ

Қалиева Гүлзира Теңізбайқызы 1979 жылы 5 қарашада Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1999 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін бастауыш сынып мұғалімі, 2005 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы № 4 Шұбарқұдық орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2006-2007 жылдары Темір аудандық мұражайында қор сақтаушы, кіші ғылыми қызметкер, 2007-2010 жылдары Темір аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2010 жылдан бастап Темір аудандық Н.Байғанин атындағы мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келеді.