№ 2 сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихатының депутаты Абдыгали Болатбек Қанашұлының

Abdigali

Өмірбаяны

Абдыгали Болатбек Қанашұлы 1958 жылы қазан айының 6 күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1973-1974 жылдары аралығында Ленин атындағы совхозда жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. 1973-1974 жылдары аралығында Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген.1976-1978 жылдары Ленин атындағы совхозда жүргізуші қызметін атқарып, 1978-1981 жылдары Дружба совхозында есепші қызметін атқарған. Осы жылдары Алматы халық шаруашылық институтында экономист мамандығы бойынша білім алған. 1981-1982 жылдары Дружба совхозының комсомол комитетінің хатшысының қызметін, 1982-1985 жылдары Темір аудандық комсомол комитетінің, партия комитетінің қызметін атқарды.1991-1993 жылдары профком төрағасы қызметін, 1993-1997 жылдары Темір аудандық Халық банкі филиалының бастығы қызметін, 1997-1999 жылдары Темір аудандық Казпочта бастығы қызметін,1999-2005 жылдары Темір аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Үйленген отбасында 2 бала тәрбиелеп өсірген.