№ 3 сайлау округі бойынша Темір аудандық мәслихатының депутаты Кожағұлов Жексен Мақсотұлының

kozhagulov

Өмірбаяны

Қожағұлов Жексен Мақсотұлы 1968 жылы Ақтөбе облысы. Темір ауданы

Қожағұлов Жексен Мақсотұлы 1968 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы энергетика және байланыс университетін «электрондық радиотехника және телекомуникация» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылыТемір аудандық байланыс торабында электромонтер  болып бастаған. 1987-1989 жылдары әскер қатарында борышын өтеген. 1989-2007 жылдары Темір аудандық байланыс торабында электромонтер, аға электромеханик, бас инженер, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2007-2015 жылдары Қобда аудандық байланыс торабының басшысы. 2015 жылдан бастап Темір  бірлескен өндірістік телекомуникация торабының басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы, отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр.