Тұрғындар қажеттілігін өтеу басты парызымыз 

        Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев - Біз мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құраймыз. Онда мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларына басты назар аударылады. Мемлекеттік аппарат үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, корпоративті басқару, транспаренттілік және қоғам алдында есеп беру қағидаларында әрекет етуі тиіс деген болатын. Осы бағытта ауданда атқарылған істерге тоқталу үшін  «Темір» аудандық газетінің тілшісі Әбдісали Дәулетбаев  Темір аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының депутаты мәслихат хатшысы Ізбасов Боран Оңғарұлымен  сұхбаттасқан болатын.

       Ә.Дәулетбаев: -Құрметті Боран Оңғарұлы өзіңізге мәлім  жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту эканомиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат пен Қазақстандық қоғамның қалыптасуының бірден бір шарты болып табылады. Аймақты дамытудың өзекті мәселесін шешуде елдің басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды және күшті болуы тиіс.

       Бұл орайда жергілікті өкілді орган ,мәслихат ауданның  халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін сайланбалы органы ретінде Сіздің құзіретіңізге кіретін мәселелерге тоқталсаңыз.

Боран Оңғарұлы: - Рахмет сұрағыңыз орынды. Біз Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын - мәслихат қызметінің негізгі нысаны болып табылатын мәслихат сессиясында реттеуді үйлестіреміз.                     Сондай ақ аудандық мәслихат құзыретіне тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту,басқа да көптеген мәселелерді қарау жатады.

         Ә.Дәулетбаев:  - Сіз жақсы айттыңыз биылғы жылы аудан тұрғындары әсіресе мұқтаж азаматтар пайдасын көретін қандай шешімдер қабылдадыңыздар. Солардың бірқатарына тоқталып өтсеңіз.

       Боран Оңғарұлы: - Аудандық мәслихат шешімінің барлығы да жоғарыда айтып өткенімдей сәйкесінше тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге арналады және қоғамдық қатынастардың барлығына дерлік мәселелерін қамтиды.  Биылғы жылы аудандық мәслихат бойынша   1 қарашаға дейін 90 шешім қабылданды. Солардың ішінде тұрғындар игілігін көріп отырған ең негізгісі Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 4903 болып тіркелген Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 15- інші, Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 шілдеде № 5599 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 110 – ыншы, «Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері» туралы Темір аудандық мәслихатының 05.06.2019 № 353 шешімідері  дер едім.

       Ә.Дәулетбаев: - Құрметті Боран Оңғарұлы «Темір ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері» туралы Темір аудандық мәслихатының 05.06.2019 № 353 шешімінің атқарылу деңгейіне толығырақ тоқталып өтсеңіз.

      Боран Оңғарұлы: Аталған шешім жаңа редакцияда 05.06.2019 жылы алғашы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіліп отыр. Сондай ақ шешім Темір аудандық әділет басқармасында тіркеліп, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жарияланып, аудандық мәслихаттың temirmasliht.kz  интернет ресурсында жарияланды.

      Шешім 1.Жалпы ережелер және 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі, 3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері деп аталатын үш бөліктен тұрады. Шешімнің аса қажетті тармақтарына  тоқталар болсам төмендегідей шарттарын аңғаруға болады.

      Атап айтқанда, бұл Темір ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау  көрсету болып табылады. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 7 500 (жеті мың бес жүз) теңге мөлшерінде көрсетіледі.        Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

        Өтінішті қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы немесе  тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік қолдау құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10  жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ол үшін азаматтар көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға  еркін нысанда жазылған өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:  жеке басты куәландыратын құжат;  тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);  жұмыс орнынан анықтама;  екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжаттарды тапсыруы тиіс.

       Егер тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;  лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі бас тартуға негіз болады:.

      Ә.Дәулетбаев: - Құрметті Боран Оңғарұлы шешімде отын сатып алу жөніндегі әлеуметтік қолдаудың барлық шарттары нақтыланған ал осы шешімнің нақты жүзеге асырылуы қандай деңгейде ?

      Боран Оңғарұлы– Аудан бойынша 1797 адам отын сатып алу үшін қажетті құжат тапсырған. Аудан бюджетінен бұл үшін 13 477 500 теңге қаржы бөлініп, оның 13 252 500 теңгесі  толық игерілді. Аталған көмек денсаулық сақтау саласы бойынша 399 адамға тағайындалып, 2 977 500 теңге игерілсе, білім саласының 1286 адамына 9 472 500 теңге қаржы тағайындалған. Сәйкесінше спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру ветеринариялық ұйым қызметкерлері де бұл көмекті алып отыр.

      Ә.Дәулетбаев:- Құрметті Боран Оңғарұлы Қазіргі кезде тұрғын үй кезегіне тұрып немесе тұрғын үй көмегін алғысы келетін азаматтар да жетерлік. Бұл бағытта қандай шаралар атқарылуда ?

      Боран Оңғарұлы: - Аталған шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар   тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі белгіленді.

     Айталық, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды жалдайтын отбасыларға тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдайтын отбасыларға коммуналдық қызметтерді, сонымен қатар, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына қосымша тұрғын үй көмегі беріледі. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге көмек берілетіні айтылады.

         Ә.Дәулетбаев:– Боран Оңғарұлы, тұрғын үй көмегін алғысы келетін отбасының жиынтық табысы қандай болу керек?

         Боран Оңғарұлы:– отбасының бір айда тұрғын үйді күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық кірісіне қатынасы бес пайыз», – деп көрсетілген.

Яғни, отбасының жиынтық табысының 5 пайызы коммуналдық қызметтер шығысының жалпы сомасынан кем болғанда үміткер отбасы тұрғын үй көмегін ала алады. Мысалы, отбасының орташа айлық жиынтық табысы 50000 теңге делік. Жиынтық табыстың 5 пайызы – 2500 теңге. Ал, коммуналдық қызмет шығыстарына жататын электр қуаты – 3200 теңге, газ – 6000 теңге, ауызсу – 400 теңге, барлығы 9600 теңге болады. Осы жиынтықтан (50000х5%) 2500 теңгені шегергенде, 7100 теңге тұрғын үй көмегі болып есептеледі. Бұл тұргын үй көмегі азаматтардың маусымдық от жағу кезеңінде коммуналдық қызметтерді көп тұтынуына байланыс-ты тұрғын үй көмегінің мөлшері де көп тағайындалады.

     Ә.Дәулетбаев:– Оған қандай құжаттар керек?

 Боран Оңғарұлы:–Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойыншаТемір аудандық бөлімі және «Электронды үкіметтің» www/egov/kz порталы арқылы осы мемлекеттік қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес, нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, отбасы кірістерін растайтын құжаттар, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалатын ай сайынғы шығыстардың түбіртектері және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігінде тұтынғандығы жөнінде шоттар сынды құжаттарды тапсыра алады.

         Ә.Дәулетбаев:   : – Тұрғын үй көмегі қалай төленеді?

Боран Оңғарұлы:–Тұрғын үй көмегін тағайындау "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі  арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасының құжаттары Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе «Электронды үкіметтің» www/egov/kz порталы арқылы түскеннен кейін, тұрғын үй көмегі тағайындалып, тиесілі болса ай сайын үміткер адамның жеке шоттарына бюджет қаражаты есебінен  аударылып отырады.

     Ә.Дәулетбаев: -Боран Оңғарұлытұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi қандай нормада жүргізіледі.

1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

1 адамға – 70 киловатт,

2 адамға – 140 киловатт,

3 жәнеодан да көп адамға – 210 киловатт;

3) газ пайдалану нормалары – ай сайын әрадамға тариф бойынша;

4) от жағу маусымы нақты отынды (көмірді) пайдалану нормалары:

3 адамға дейін айына – 0,5 тонна,

4 және одан көп адамға айына – 1 тонна;

5) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді күтіп–ұстау ай сайын:

1 адамға – 18 шаршы метрлі кпайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

6) жылу мен жабдықтау ай сайын:

1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;

7) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

8) кәріз қызметтері – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

9) суменжабдықтауқызметтері – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтері қызмет көрсететіндер ұсынады;

10)телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуін еөтемақы төлеудің кейбір мәселелер ітуралы" қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

     Ә.Дәулетбаев: – Аудан бойынша қанша отбасы тұрғын үй көмегін алып отыр?

Боран Оңғарұлы: - Қазіргі таңда 95 отбасы 251 адамға 1343,7 мың теңге тағайындалып отыр, оның ішінде 89 отбасы 220 адамға 1250,0 мың теңгесі төленіп отыр. Темір қаласынан 2 отбасы 14 адамға 10 644 теңге тағайындалып, төленді. 2019 жыл - Тұрғын үй жәрдемақысына бөлінген қаржы 2500,0 мың теңге.

         Ә.Дәулетбаев: Құрметті Боран Оңғарұлы ел халық үшін депутаттар корпусымен бірлесіп жасаған ісіңізге сәттілік тілеймін.Сұхбатыңызға рахмет