25 ақпан күні мемлекеттік биліктің - бірден бір қайнар көзі, халықтың өкілді органдары - Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 - жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шараға Темір ауданының әкімі, Темір аудандық мәслихатының ардагерлері, әр жылғы шақырылым депутаттары және осы күнге дейін аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін абыроймен атқарған бірқатар азаматтар қатысты. Шарада аудан әкімі Ж.Н. Қалмағанбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсарып, тұрмыс-тіршілігінің нығаюына ат салысып жүрген депутаттарды құттықтай отырып, біртоп азаматтарды  Қазақстан Республикасының мәслихаттарының 25 жылдық медалімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғыс хатымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік концерттік бағдарлама барысында қазақтың ән-күйлері орындалып көрермендерге әдемі көңіл күй сыйлады.