все фото

2020 жылдың 12 наурызында аудандық мәслихаттың кезекті 50-інші сессиясы болып өтті. Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 409 «2020-2022 жылдарға арналған Темір ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы қаулысының Темір ауданында орындалу барысы туралы мәселе қаралып бюджет қаражатының ауданның әлеуметтік саласына жұмсалатыны депутаттар атынан қолдау тапса, екінші мәселе бойынша өңірдің дамуы жөнінде атқарылған шаралар аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевтың баяндамасында толық көрініс тапты.

Мәслихат сессиясындағы айрықша сәт ауданның экономикасы мен әлеуметтік әлеуетіне зор үлес қосқан Б.Ізбасовқа «Ауданның құрметті азаматы» атағының берілуі болды. Ал аудандық мәслихаттың №7 сайлау округінің депутаты Х.Есқалиевке Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына сай мерекелік медаль аудандық мәслихаттың хатщысы Б.Ізбасовтың қолымен табысталды. тапсырылды. Сессияда қаралған өзге де мәселелер депутаттардан қолдау тапты. Қабылданған шешімдер ел игілігіне қызмет ететін болады.