Қалауын тапса қар жанар 

       Үстіміздегі жылдың 12 маусымында аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші  сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ізбасов Боран Оңғарұлы мен аудан әкімі орынбасары  Жандаурен Баймағанбетұлы Қойшыбаев,бөлім , мекеме кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияна №10 сайлау округінің депутаты Г.Қалиева жүгрізді.

       Сессияның күн тәртібіндеТемір ауданы әкімдігінің 2019 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есебін бекітумен қатар  Кенкияқ, Кеңестуы, Шұбарқұдық, Шұбарши ауылдық, Темір қалалық округтерінің 2019 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есептері қаралып бекітілді.

Сессияның күн тәртібінесәйкес баяндамада сөз алған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Адаев Нұржан Адайұлы аудан бойынша 2019 жылға аудандық бюджеттің кірісі (трансферттер түсімдерін есепке алғанда) 8 033 991 мың теңге, (2018 жылмен салыстырғанда 2 192,2 мың теңгеге көбейді немесе 137,5% құрады) оның ішінде ауданның таза бюджеттік кірістері 3 143 488 мың теңге (2018 жылмен салыстырғанда 107,0% артты). Аудандық бюджеттің жоспары 3 млрд 043 млн теңге, нақты орындалғаны 3 млрд 143 млн теңге немесе 103,3%. орындалды дей келе 2019 жылдың қорытындысының шығыс бөлігі 7 874 587 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджет – 3 062 419,3 мың теңге (жыл басындағы бос қаржы есебімен), ресми трансферттер 3 618 456 мың теңге, оның ішінде республикалық трансферт – 2 182 691,0 мың теңге, облыстық трансферт – 1 200 179,0 мың теңге, субвенция – 772 000 мың теңге, бюджеттік кредиттер – 90 900 мың теңге болғандығын атап өтті.

Оның ішінде, қала, ауылдық округ бюджеттері 723 165,2 мың теңге, оның ішінде: жергілікті бюджет (жыл басындағы бос қаржы есебімен) – 132 281,2 мың теңге, ресми трансферттер 283 804 мың теңге, субвенция – 307 080 мың теңгені құрап, қаржы жоғарыда аты аталған округтерге беріліп, халық игілігі үшін жұмсалғандығы айтылды. Сесияда сөз алған округ әкімдері А.Қоқанов, С.Тұранов, Қ.Нұралин, М.Өтегенов аталған қаржының округтерде абаттандыру мен тазалық жұмыстарына, көше жарығы мен инженерлік құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалғаны мен қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға игерілгеніне тоқталды.

      Шын мәнісінде халықтың аса қажетті сұраныстары мен қажеттілігі көше тазалығы мен жарығы, ауыз су, кәріз сулары қызметінің үздіксіздігі, қаңғыбас иттер мен мысықтардың уақытылы аулануыболса, жасалған ойын алаңдары мен спорттық құрылғылардың салынуы, көше жолдарының асфальттануы барша аудан тұрғындарының қуанышына айналып отыр.

      Қазірде аудан орталығымен қатар жергілікті округ орталықтары да күннен күнге әрленіп, келбеті келтірілуде,парктер қалыпқа келтіріліп, демалуға арнайы орындықтар қойылып әртүрлі конфигурациялы мүсіндер мен ескерткіштер орнатылуда.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген 22  мәселенің бірі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы №110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер, біріаудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі №15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу сынды бірқатары күнделікті заң аясында тұрғындар үшін аса қажетті шешімін табуға ділгір мәселелермен қатар аудан тұрғындарына қажетті сан салалы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қамтитын аудандық комиссиялар құрамдарын жаңартып, толықтырулар болды.

Күн тәртібіндегі жетінші мәселе  «Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №409 «2020-2022 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  шешім жобасы  дауысқа салынып, бөлінген қаржылардың нақты аудан тұрғындарының игілігі мен елді мекендердің дамуына жұмсалатындығы нақтыланып,аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен бекітілді.

Бұл қаржы да ауданның жауапкершілігі жоғары білікті де іскер бөлім басшылары арқылы халық игілігіне жаратылатындығы мәлім болды.

Сессияда қорытынды сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев әр тиынның сұрау мен өтеуі барын, оның үнемді де сапалы жұмсалуы қатаң назарда болатынын, бұл бағытта жауапты тұлғаларды жауапкершілігі жоғары болу қажет екендігіне тоқталды.  

 Аудандық мәслихаттың

 бөлімше басшысы                                      Б.Шаимов