Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті 

 

2020 жылдың 30 қазаны күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті.

Сессияны аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы Е.Балбосынов ашып, жүргізді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Жандаурен Баймағамбетұлы Қойшыбаев, аудандық мәслихат депутаттары,  қоғамдық,бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері    мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

      Күн тәртібіндегі аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы  № 409 «2020-2022 жылдарға арналған Темір аудандық  бюждетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралымәселемен баяндама жасаған  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Адаев Нұржан Адайұлы аудандық бюджеттің республикалық және облыстық бюджет есебінен 63 360 мың теңгеге көбейгенін атап өтті.

       Нәтижесінде аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне аудан аумағына келесі жылы салынатын құрылыс нысандарының жобалау сметалық құжаттарын дайындау, құрылыстар жүргізу мен коммуналдық желілерді одан әрі дамытуға, көше жолдарын жетілдіру мен жаңартуға қаржы бөлінді.      Сондай-ақ, қаржы жергілікті округтердегі халық қауіпсіздігі мен игілігі үшін аса қажетті абаттандыру жарықтандыру, басқа да жұмыстарға  жұмсалатын болды.

    Аудандық мәслихат депутаттарының талқылаулары мен қойылған сұрақтарға алынған тұшымды жауаптардан кейін мәселе депутаттар тарапынан толық қолдауға ие болып, бірауыздан толық мақұлданды.

Күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша  аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы  Г.Махимова,  аудандық ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Ж.Жарылғасын хабарламалар жасап, аудандық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сессия соңынан қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Қойшыбаев Жандаурен  Баймағамбетұлы бөлінген бюджет қаржысының мақсатты, уақытында игерілу қажеттігін айтып,

-Әр жұмсалған бюджет қаржысының орынында   нәтижелі іс көрінуі керек, - деп сөзін аяқтады.