Темір аудандық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ 

             Темір аудандық мәслихаты, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Констииуциялық Заңының 10 бабына сәйкес төмендегі сайлау комиссияларынан мүшелері шығып кетуіне байланысты, олардың құрамына өзгерістер енгізу басталғанын хабарлайды:

№362 учаскелік сайлау комиссиясы – 1

№364 учаскелік сайлау комиссиясы – 1

№368 учаскелік сайлау комиссиясы – 1

№369 учаскелік сайлау комиссиясы – 1

№375 учаскелік сайлау комиссиясы – 2

№376 учаскелік сайлау комиссиясы – 1

№382 учаскелік сайлау комиссиясы – 1.

          Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық  бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. 

         Саяси партиялар, өзге де қоғамдық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері мәслихатқа 2020 жылғы 4 қарашадан 20 қарашаға  дейін келесі құжаттарды ұсынады: 

1)      Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатуралардың белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз нысандағы мәліметтері;

2)      Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің  (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына ұсыну туралы шешімнің хаттамасынан үзінді;

3)      Саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді немесе олардың құрылымдық бөлімшелерін(өкілдіктерін) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

4)      Кандидаттар сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы, белгіленген нысан бойынша өтініші.

      Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидаттар үшін қажетті мәліметтердің нысаны, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру өтініші Темір аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған.

       Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Қонституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқавн әкімшілік – аумақтық бірліктің шегінде тұрақты тұруы қажет. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23 бабының 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда сайлау комиссиясының құрамының жартысынан көбі бір мемлекеттік ұйымнан болмауы тиіс.

       Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-анасы, баласы, асырап алушылар, асырап алғандар, туған ағасы, апасы, әжесі, атасы, немересі)  жұбайы кіре алмайды.

       Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған, құжаттардың орындалған күні, орындаған адамның аты жөні, әкесінің аты және телефон нөмірі болуы тиіс.

Құжаттар мына мекен – жай бойынша қабылданады: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан к- сі, 8 үй, Темір аудандық мәслихаты. Байланыс телефондары: (8-713-46)-22571, e-mail: temirm12@mail. Ru.     

  

Аудандық «Темір» газетінің

                                                            редакторы Б.Әділхановка

   

     «Темір» газетінің алдағы санына Темір аудандық мәслихатының хабарламасын  жариялауыңызды сұраймын.

 

  

     Аудандық мәслихат

            хатшысы                                                                                 Б.Ізбасов.

 

 өтініш каз