30.04.2021 – «Темір ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» Темір аудандық мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз – релизі 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Темір ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық айлықақыларымен және тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

2. Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 527 «Темір ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7575 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

         «Темір ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешімнің жобасы temirmaslihat.kz сайтында 2021 жылғы 30 сәуірде, e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылғы  30 сәуірде орналастырылды. 

Темір аудандық экономика және қаржы бөлімі

---------- 

30.04.2021 - Пресс-релиз к  проекту решения Темирского районного маслихата «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Темирскому району» 

В соответствии со статьей 139 Трудового кодекса Республики Казахстан, статьей 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» Темирский районный маслихат РЕШИЛ:

1. Установить повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Темирскому району, по сравнению с должностными окладами и тарифными ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств районного бюджета.

2. Признать утратившим силу решение Темирского районного маслихата от 30 октября 2020 года № 527 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Темирскому району» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7575).

Проект решения «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Темирскому району» размещен  на сайте temirmaslihat.kz 30 апреля 2021 года,  на  интернет-портале  открытых нормативных правовых актов e-gov 30 апреля 2021 года. 

Темирский районный отдел экономики и финансов

решение рус каз