Ізбасов Боран Оңғарұлы

izbasov

Ізбасов Боран Оңғарұлы 1957 жылы 1 наурызда Ақтөбе облысы, Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде Теміржолшы отбасында дүниеге келген.Білімі Жоғары, Алматы құрылыс техникумын, энергетика-байланыс институтының инженер-энергетик мамандығын бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Шұбарқұдық кентіндегі автобазада слесарь, жүргізуші болып бастаған.

1975-1974 жылдар аралығында әскери борышын өтеген.1981-1985 жылдары Темір аудандық ішкі істер бөлімінде, 1986-1995 жылдары Темір ауданының газ мекемесінің инженер қызметін атқарған. 2006-2008 жылдары Шұбарқұдық кентінің әкімі,2008-2009 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2010 жылдары Торғай-Тобыл экология департаментінің бас маманы, 2010-2013 жылдары Шұбарқұдық кентінің әкімі болып қызмет еткен.

2013-2016 жылдары Темір ауданының өндіріс бойынша әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың 24 наурызынан бастап аудандық мәслихат хатшысының қызметін атқаруда.

Үйленген, отбасында 3 бала тәрбиелеп өсірген.