Темір аудандық мәслихаты

Решение 5 января 2022г.

Решение каз  рус 

 

24/11/2021

 ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ 

         Темір аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес төмендегі сайлау комиссиясы мүшелерінің  шығып кетуіне байланысты, құрамына өзгерістер енгізу басталғанын хабарлайды:

№367 учаскелік сайлау комиссиясы - 1

Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері Темір аудандық мәслихатына 2021 жылдың 24 қарашасынан бастап 9 желтоқсанға   дейін келесі құжаттарды ұсынады:

Подробнее...

 

17/11/2021

ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ 

Темір аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес төмендегі сайлау комиссиясы мүшелерінің  шығып кетуіне байланысты, құрамына өзгерістер енгізу басталғанын хабарлайды: 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы-2 

Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Подробнее...

 

Объявление

Доброго дня, друзья!

Остались считанные дни до завершения регистрации участников в ПРЕЗИДЕНТСКИЙ МОЛОДЕЖНЫЙ КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ.

Участие в конкурсе могут принять граждане Республики Казахстан в возрасте не старше 35 лет, имеющие высшее образование, стаж работы не менее пяти лет и владеющие государственным языком не ниже среднего уровня.

Заявка для участия принимается до 30 сентября‼️

Не упускайте возможность подробнее

------------------------------
Қайырлы күн, достар!

Үміткелерді ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ тіркеу аяқталғанға дейін санаулы күндер қалды.

Конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар және мемлекеттік тілді орта деңгейде меңгерген азаматтар қатыса алады!

Қатысуға өтінім 30 қыркүйекке дейін қабылданады ‼️

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз подробнее

 

31.03.2021

  

Кезектен тыс сессия өтті

Аудандық мәслихаттың депутаты Б.Әділхановтың төрағалығымен 2021 жылғы 30 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясы болып өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 30 желтоқсандағы қала, ауылдық округ бюджеттерін бекіту туралы №562-571 және «Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы №110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегінен көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы он бір мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Шұбарқұдық, Алтықарасу, Жақсымай ауылдық округ әкімдері Қ.Нұралы, М.Әлішев, Р.Құдайбергеновтың баяндамалары тыңдалып, сұрақтар қойылды.

Мәселелер толық талқылаулардан өтіп, аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіне байланысты шешім жобаларына бір ауыздан қолдау білдірді.

Сессия соңында аудандық мәслихат хатшысы Б Шаимов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев қортынды сөз сөйледі.

 Аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов

 ----------

Жауапкершілік жүгі аз емес

30 наурыз күні аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен «Жергілікті округ әкімдерінің жергілікті бюджетті қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында семинар кеңес болып өтті.

Атап айтқанда жергілікті бюджетті қалыптастыру, қаржылық құжаттарды әділет органдарында тіркеуден өткізуге дейінгі процедураларды толық әрі сапалы, уақытында орындаудың маңызы туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Д.Қалмағамбетова баяндама жасады. Аудандық мәслихаттың бөлімше басшысы Г.Мандаева әр округтің қаржылық құжаттарды мәслихат сессиясына дайындаудағы кемшіліктері мен олқылықтарына тоқталды.

Нәтижесінде Саркөл ауылдық округі әкімдігінің жұмыстарына сын айтылып, жауапкершілікті арттыру мәселесі ұсынылды.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, кеңеске қатысқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаев округ әкімдері мен тиісті мамандарына бұл бағытта жан жақты көмектер ұйымдастырылып жатқанына, алда әлі де тиісті шаралар атқарылатындығына тоқталды. 

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов

 

11.03.2021

 

Аудан әкімі С.Е.Аманбаев аудандық мәслихаттың жетінші шақырылым депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі С.Е.Аманбаев аудандағы атқарылған істерге тоқтала келе – Ендігі кезекте алда тұрған міндеттердің бастысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ауданда жүзеге асырылуын бірлесе атқару – деді. Айта кетерлігі аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында аудандық мәслихат депутаттары бюджет бөлінісіне бір ауыздан қолдау білдірді. Кездесу соңында депутат қатарындағы қыз келіншектерді аналар мерекесімен құттықтады.

 

10.03.2021

  

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында «2021-2023 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» мәселе қаралды. Аудан бюджетінің жыл басынан қалған басы бос қаржысы есебінен 356 296,4 мың теңгеге және облыстық бюджеттен 22 270 мың теңгеге көбеюіне байланысты баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Адаев Нұржан Адайұлының баяндамасын талқылаған аудандық мәслихат депутаттары өз ой пікірлері мен бөлісіп бюджет бөлінісіне қолдау білдірді. 

Подробнее...

 

03.03.21

2021 жылдың екі наурызы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясында күн тәртібіне бір мәселе шығарылып, өңір басшысы Оразалин Оңдасын Сейілұлының аудандағы ұйымдастыру мәселесіне байланысты ұсынысы қаралды. Өңір басшысы өз ұсынысымен ауданның жаңа басшысы Саламат Ермұханұлы Аманбаевтың өмірбаян мен қызметтегі жолдарын таныстырып өтті. Сонымен қатар сөз кезегінде аудан әкімі Жолдас Нұрланұлының ауданда атқарған істеріне оң баға беріп, қазірде тәжірибелі де ұйымдастырушылық қабілеті мол азаматтың облыстық деңгейде де ауқымы үлкен, күрмеуі көп күрделі саланы басқаруға лайықты деп танығанын атап өтті. Аудандық мәслихат депутаттары толық құрамда сессияға қатысып, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қ.Р.-ның 148 заңының 23-1-бабы негізінде Темір ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Аманбаев Саламат Ермұханұлының кандидатурасына бір ауыздан келісім беріп, қолдау білдірді. Өңір басшысы Оңдасын Сейілұлы ауданның жаңа басшысы Саламат Ермұханұлына аудандағы жұмыстарына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар мен міндеттер жүктеді. Одан әрі өңір басшысы аудан активімен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды. Кездесу барысында бірқатар азаматтар Жолдас Нұрланұлының халық алдындағы міндетін абыройлы атқарғанына тоқталып, жаңа басшыға сәттілік тіледі.

 

26.02.2021

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тартуы» атты мәдени шара өткізілді. Мәдени шара ауданда тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты өтетін шаралардың басталуының басты белгісі ретінде ұйымдастырылған. Шараға аудан ардагерлері мен тұрғындары, мекеме кәсіпорын басшылары, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылған шаралар құр даңғаза болмай азаматтарға нақты көмегі тиюі керек деген болатын. Шарада көмекті қажет ететін кейбір кент тұрғындарына елу мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. Аудандық мәслихат депутаттары да қолдауға зәру отбасыларға өз көмектерін ұсыну жөнінде бастама көтеріп бір отбасыға сертификат ұсынды. Шара жастар үндеуімен жалғасып, аудандық саз мектебі мен мәдениет үйінің қызметкерлерінің ән шашуымен аяқталды.

         Темір аудандық

мәслихат хатшысы

                       Шаимов Болат Сейтенұлы

 

Игілікті іс басында депутаттар

Игілікті іс басында депутаттар. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысына қатысып, бұл кезеңнің еліміз үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Подробнее...

 

«NUR OTAN»

ТЕМІР АУДАНЫНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. 

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Темір аудандық филиалында фракция отырысында аудандық мәслихат депутаттарына жүктелетін міндеттің маңызы зор екендігі сөз болды.

Подробнее...

 

Мәслихат депутаттары бас қосты

Өткен аптада аудандық мәслихатта, аудандық мәслихаттың 7-ші шақырылым депутаттарымен кездесу өткізілді. Аудандық мәслихаттың 12 депутатының 10-ы «Nur Otan» партиясы қатарынан болса, бірі  «Адал», бірі «Ақжол» партиясынан.                                                                                                                  

Кездесуде Темір ауданы бойынша  «Nur Otan» партиясының сайлауалды Өзгерістер жолы: «Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын орындау мақсатындағы жол картасын жүзеге асыру бойынша мәслихат депутаттары, фракция мүшелеріне жүктелетін жауапкершіліктер сөз болды. Аудандық мәслихат аппаратының бөлімше басшысы Г.Мандаева депутаттарға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін  түсіндірді.

Депутаттар тарапынан депутаттық сауал, тұрақты комиссиялар жұмысын ұйымдастыру және оның қызметі жөніндегі сұрақтарына жауаптар берілді.

Қазірде аудандық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдаулар өткізуде. 

Жанқараева  Бақытгүл Орынбайқызы
      Аудандық мәслихат  аппаратының іс-қағаз жүргізушісі
 

Саяси реформаларды қолдаймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы VII-ші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында алдағы атқаруға тиіс маңызды жұмыстарды атап өтті. Ауданның белсенді жасы және аудандық мәслихаттың жас депутаты ретінде жауапкершіліктің жүгі ауыр, оны орындау басты міндетім екенін сезінемін. Мемлекет басшысы айтып өткендей, XXI-ғасырдың жиырма бірінші жылы-барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Қай уақытта болмасын жастарды назарынан тыс қалдырмайтын мемлекет басшысы, бұл жолы да жастар мәселесін, оның ішінде жастарды қолдау шараларын шегелеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев  елімізде пандемияның ауыр салдары еңсеріліп келе жатқанын айтты. «Біз ғана емес, күллі дүние жүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен, барлығымыздың ең басты міндетіміз-пандемияның салдарын еңсеру.

Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды» деді Президент. Өз басым, Президенттің саяси реформаларға қатысты айтқан мұндай бастамаларын қызу қолдаймын. 

Қоблан Динара Ғафурқызы
Темір аудандық мәслихатының депутаты
Темір аудандық ауруханасының жалпы
             тәжірибелі дәрігері
 

Жауапкершілікті сезінемін

СЕЗІНЕМІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ 

Осымен  7-ші рет шақырылып отырған Парламент Мәжілісінің 1-ші сессиясына қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен реформалар жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел мен жердің тұрақты дамуын қалыптастыру үшін ең алдымен саяси реформаларды дұрыс жүргізіп, әлем жұртшылығының назарында тұрған мәселелерді тиімді шешу керек. Әсіресе, атқарушы органдардың дербестігін арттырудың маңыздылығын, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетінін, жастардың даму индексін енгізудің және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өтті.  Ауданымызда, өткен жылдың өзінде, бірнеше ауылдарда жолдар өңделіп, көшелер жарықтандырылды. Халықтың жағдайын көтеру мақсатында қолдаулар мен көмектер ұсынылды. Алдағы уақытта да игі шаралар жүргізілетініне сенімдімін. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде жауапкершілік пен алға қойған айқын мақсаттарды орындау басты міндетім екенін сезінемін.      

Чирков Максим Николайұлы

Темір аудандық   көркемсурет мектебінің директоры

Темір аудандық мәслихатының депутаты

 

 

Гүлзира Қалиева

БАСТЫ МІНДЕТ-ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТУ 

Бүгінгі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына жасаған үндеуін ерекше ықыласпен тыңдадым.                                                                  

Бәрімізге мәлім күні кеше елімізде мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, халық өз таңдауын жасаған болатын.  Сайлау нәтижесі көрсеткендей, халықтың басым көпшілігі «Nur Otan» партиясын қолдап, жаңа сайланған депутаттарға мол сенім артып отыр. Ендігі алдымызда тұрған басты міндет-билік пен халық арасында тығыз байланыс жасап, елдің тұрмыс сапасын жақсарту және Қазақстанды қуатты елге айналдыру жолында тынбай қызмет жасау. 

Мемлекет басшысы үндеуінде құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту, тиімді әлеуметтік саясат-мықты және инклюзивті қоғам құру, халықтың әл-ауқатын арттыру, аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуын іске асыру, саяси жаңғыру, азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру,жастар саясатын жетілдіру, қайырымдылық қызметін қолдау және адам құқықтарын қорғау секілді 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратынымызды айқындап берді.    Бұл бастамалардың барлығы сөзсіз еліміздің одан әрі көркейіп, дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады. Әрине бұл игі істер әлеуметтік экономикалық және саяси жаңғыртулардың жалғасы әрі еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуға үлкен көпір болмақ. Ел президентінің  үндеуі – еліміздің дамуы мен келешек ұрпақтың жақсы өмір сүруі үшін жасалып жатырған маңызды оқиға деп есептеймін.

Гүлзира Қалиева
       Темір аудандық мәслихатының депутаты
 

Қабылдау

2021 жылғы  Темір аудандық мәслихатының хатшысы

Б.С. Шаимовтың азаматтарды қабылдау кестесі.                                 

Ай атауы

Қабылдау күні

1

қаңтар

26

2

ақпан

2 ;16

3

наурыз

2; 16

4

сәуір

6; 20

5

мамыр

4; 18

6

маусым

2; 15

7

шілде

5; 21

8

тамыз

2; 17

9

қыркүйек

7; 21

10

қазан

5; 19

11

қараша

2; 16

12

желтоқсан

7; 21

                                                ЕСКЕРТУ:

қабылдау айына 2 рет, сейсенбі күндері жергілікті уақытпен

сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін желтоқсан көшесі 8 үй (аудандық әкімдік ғимараты) № 16 бөлмеде жүргізіледі;

-Байланыс телефондары: 871-346-2-26-31, 871-346-2-25-71

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 Следующая > Последняя >>

Страница 2 из 4

Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері

gerb_kz