Темір аудандық мәслихаты

25.01.2021

ДӘЙЕКТІ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ

 

Осы апта аудан тарихында есте қаларлықтай саяси оқиғалар сәтімен ерекшеленеді. Бастысы «Nur Otan» партиясының жеңісі. Халық өз таңдауын жасады. Аудан халқы да белсенділігімен көзге түсті. Ауданның алтыншы шақырылымының депутаттары өз өкілеттігін жаңа құрамдағы депутаттар алдында тоқтатып, оларға сәттілік тіледі. Ал жаңа құрамда 10 азамат жетекші партиядан болса, бірі «Ауыл» партиясынан, бірі «Ақжол» партиясынан.       

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Мәжіліс депутаттарына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта басымдық халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға берілетінін айтты. Ол: «Мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер болады» дей келе, күш салынатын басымдықтарға тоқталды. Ауданның депутаттар корпусы да осы басымдықтар негізінде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына өз  үлестерін қосатын болады.

Шаимов Болат Сейтенұлы 

Темір аудандық мәслихат хатшысы.

 

САБАҚТАСТЫҚ, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРЛЕУ

  

Қай кезде болмасын Ел Президентінің Үндеулерінен, жарияланымдарынан ерекше тың жаңалықтар күтетініміз анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында да алдағы атқарылуға тиіс маңызды жұмыстарды айтып өтті.  Сонымен қатар ел басшысы өз сөзінде басты басымдық-халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру, халық жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтетінін ерекше атап өтті. Расында да, біздің мақсатымыз-озық  дамыған елдердің қатарына қосылу, азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау.   Осы орайда Ел Президенті бастаған барлық жоспар жемісті жүзеге асуы үшін ұлттың жасампаздық  әлеуетін арттыра отырып, бір кісідей жұмыла еңбек етуіміз керек!

Адаев Ғабит Аманғали

Темір аудандық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі

 

Тұрғындармен кездесу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқару органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын іске асыру барысында аудан әкімі Батырхан Жолдас Нұрланұлы Темір қалалық, Кеңқияқ, Саркөл, Жақсымай, Кеңестуы, Ақсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Подробнее...

 

Отчетная встреча

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес Темір ауданы әкімі Батырхан Жолдас Нұрланұлы Қайыңды және Алтықарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Подробнее...

 

Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы туралы хабарлама

Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы 2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 9.00-де өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Жолдас Нұрланұлы Батырхан, аудандық мәслихаттың VI шақырылымының хатшысы Боран Оңғарұлы Ізбасов, аудан әкімінің орынбасарлары, сонымен қатар аудандық мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Подробнее...

 

Кесте, өкімі 27.11.2020

Темір аудандық мәслихатының

                                                                                                                                       2020 жылғы 25 қарашадағы

                                                                                                                          №24өкімімен бекітілген 

2021 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі толығырақ

өкімі 1 стр  өкімі 2 стр

 

Кеткен хаттар

 

Хабарлама

Темір аудандық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ 

             Темір аудандық мәслихаты, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Констииуциялық Заңының 10 бабына сәйкес төмендегі сайлау комиссияларынан мүшелері шығып кетуіне байланысты, олардың құрамына өзгерістер енгізу басталғанын хабарлайды:

Подробнее...

 

Cессиясы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті 

 

2020 жылдың 30 қазаны күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті.

Сессияны аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы Е.Балбосынов ашып, жүргізді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Жандаурен Баймағамбетұлы Қойшыбаев, аудандық мәслихат депутаттары,  қоғамдық,бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері    мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Подробнее...

 

Хаттамасы

 Темір аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы отырысының хаттамасы

№1 

2020 жыл                                                          Шұбарқұдық кенті

5 қазан                                                              Сағ: 9.00 

        Б.Ізбасов – Темір аудандық мәслихатының хатшысы, Темір ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы:

       Құрметті жұмыс тобы мүшелері! Темір ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына мүшелер толық қатысып отыр. Отырысты өткізуге толық мүмкіндік бар.

       Отырыстың күн тәртібіне бір ғана мәселе енгізіледі. 

Подробнее...

 

Конкурс 16.09.2020

Темір ауданының  қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына конкурс өткізу туралы хабарландыру

     Темір ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Темір ауданының  қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасында конкурстық іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Подробнее...

 

Аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші сессиясы

Қалауын тапса қар жанар 

       Үстіміздегі жылдың 12 маусымында аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші  сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ізбасов Боран Оңғарұлы мен аудан әкімі орынбасары  Жандаурен Баймағанбетұлы Қойшыбаев,бөлім , мекеме кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияна №10 сайлау округінің депутаты Г.Қалиева жүгрізді.

Подробнее...

 

Кезекті сессияның кезек күттірмейтін жүгі

все фото

2020 жылдың 12 наурызында аудандық мәслихаттың кезекті 50-інші сессиясы болып өтті. Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 409 «2020-2022 жылдарға арналған Темір ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы қаулысының Темір ауданында орындалу барысы туралы мәселе қаралып бюджет қаражатының ауданның әлеуметтік саласына жұмсалатыны депутаттар атынан қолдау тапса, екінші мәселе бойынша өңірдің дамуы жөнінде атқарылған шаралар аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаевтың баяндамасында толық көрініс тапты.

Подробнее...

 

ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНА 25 ЖЫЛ

25 ақпан күні мемлекеттік биліктің - бірден бір қайнар көзі, халықтың өкілді органдары - Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 - жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Салтанатты шараға Темір ауданының әкімі, Темір аудандық мәслихатының ардагерлері, әр жылғы шақырылым депутаттары және осы күнге дейін аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін абыроймен атқарған бірқатар азаматтар қатысты. Шарада аудан әкімі Ж.Н. Қалмағанбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсарып, тұрмыс-тіршілігінің нығаюына ат салысып жүрген депутаттарды құттықтай отырып, біртоп азаматтарды  Қазақстан Республикасының мәслихаттарының 25 жылдық медалімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғыс хатымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік концерттік бағдарлама барысында қазақтың ән-күйлері орындалып көрермендерге әдемі көңіл күй сыйлады.

Подробнее...

 

Семинар

2020 жылдын 30 кантарында аудандык маслихат хатшысы Б.Ізбасов " Аудандық маңызы бар қала ауылдық округ бюджетін қалыптастыру туралы семинар кеңес өткізді. СЕМИНАРҒА аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев пен округ әкімдері және олардың есепші мамандары мен қоғамдық кеңес төрағасы М.Қабылов қатысты. СЕМИНАРҒА қатысқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаев пен аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Д.Қалмағамбетова. бас маман Г.Мандаева баяндамалар жасады.

Подробнее...

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 Следующая > Последняя >>

Страница 3 из 4

Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері

gerb_kz