Темір аудандық мәслихаты
Сайлау2019 жылдың 12 қарашасында сағат 10-00 Ақтөбе облысы Темір ауданы Жақсымай және Кеңкияқ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша депутаттар-таңдаушылар отырысы өтті. Сайлау процесіне, барлық кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты. Әкімдікке кандидаттар ретінде аудан әкімі Ж. Қалмағамбетовтің ұсынысы негізінде Жақсымай ауылдық округінің әкімдігіне 2 азамат ұсынылды. Мақала сессия2019 жылғы 31 қазанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті. Сессияны № 8 сайлау округінің депутаты Т.Оспанов төрағалық етті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары мен аудандық мәслихаттың он бір депутатының оны қатысты. Сессия2019 жылдың 31 қазаны күні Темір аудандық маслихаты депутаттарының қатысуымен Темір ауданының Жақсымай және Кеңкияқ ауылдық округтерінің әкімі лауазымдарына кандидаттармен кездесу өткізілді. Отырыста Жақсымай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар Базылбеков Аманбек Кенжеғараұлы мен Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы және Кеңкияқ ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар Қуанов Жайық Ертілеуұлы мен Өтегенов Макар Меңдіғалиұлы депутаттар алдында өз бағдарламаларымен таныстырды. 2019 жылдың 17 қазанында сағат 9-00 Ақтөбе облысы Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша депутаттар-таңдаушылар отырысы өтті. Сайлау процесіне кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер ретінде барлығы 2 үміткер тіркелді, олар: 1. Алишев Мақсот Жұмайұлы. Жоғары білімді, мамандығы мұғалім, Темір ауданы Алтықарасу мектеп-балабақшасының директоры, Темір ауданы Алтықарасу ауылының тұрғыны. 2. Мауениязов Есбол Бердімұратұлы. Жоғары білімді, мамандығы мұғалім, Темір ауданы Сартоғай орта мектебінің мұғалімі, Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің тұрғыны. Сайлау науқаны барысында және сайлау процесі кезінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңдардың барлық талаптары сақталды. 2019 жылғы 17 қазанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық төртінші сессиясы болып өтті. Сессияны № 8-ші сайлау округінің депутаты Т. Оспанов жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, мекеме кәсіпорын басшылары мен аудандық мәслихаттың он бір депутатының оны қатысты. |
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 Следующая > Последняя >> |
Страница 4 из 4 |