2019 жылдың 31 қазаны күні Темір аудандық маслихаты депутаттарының қатысуымен Темір ауданының Жақсымай және Кеңкияқ ауылдық округтерінің әкімі лауазымдарына кандидаттармен кездесу өткізілді.

Отырыста Жақсымай ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар Базылбеков Аманбек Кенжеғараұлы мен Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы және Кеңкияқ ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттар Қуанов Жайық Ертілеуұлы мен Өтегенов Макар Меңдіғалиұлы депутаттар алдында өз бағдарламаларымен таныстырды.