2019 жылғы 31 қазанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті. Сессияны № 8 сайлау округінің депутаты Т.Оспанов төрағалық етті.

Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары мен аудандық мәслихаттың он бір депутатының оны қатысты.

 Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды:

1)  Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 308 «2019-2021 жылдарға арналған Кеңестуы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 309 «2019-2021 жылдарға арналған Шұбарши ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3)  Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 310 «2019-2021 жылдарға арналған Шұбарқұдық ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы.

4)  Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 311 «2019 – 2021 жылдарға арналған Темір қаласы бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Ажмұратов бюджеттің 4-ші деңгейіне өткен округтердің кірісі барлығы  737 517 мың теңгенің орнына 737 306 мың теңге, шығыстар 746 507,2 мың теңгенің жоспарына 746 296,2 мың теңгені құрайтындығын және округ  бюджетіндегі өзгерістерді атап өтті.

         Олар:

 кірістер бөлігі бойынша Темір қаласынан салықтық түсімдерден 1500,0 мың теңгеге азайту туралы;

шығыс бөлігі бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырмасын іске асыруға Шұбарқұдық ауылдық округіне 924 мың теңге және аудандық бюджеттен берілген трансферттер есебінен 365,0 мың теңге бөлу туралы;

Қопа ауылында қысқы хоккей алаңының құжаттарын жасауға – 170,0 мың теңге бөлу туралы.

      Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салып, дауыс берді.