2019 жылдың 12 қарашасында сағат 10-00 Ақтөбе облысы Темір ауданы Жақсымай және Кеңкияқ ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы бойынша депутаттар-таңдаушылар отырысы өтті.

Сайлау процесіне, барлық кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, БАҚ өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.

Әкімдікке кандидаттар ретінде аудан әкімі Ж. Қалмағамбетовтің ұсынысы негізінде Жақсымай ауылдық округінің әкімдігіне 2 азамат ұсынылды.

Олар: Базылбеков Аманбек Кенжегараевич,

Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы.

Кеңқияқ ауылдық округінің әкімдігіне 3 азамат ұсынылды.

Олар: Куанов Жаик Ертилеуович,

Утегенов Макар Мендигалиевич,

Сауытов Багдат Наурызович.

Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесінің қорытындысы бойынша: Кеңкияқ ауылдық округінің әкімі болып Утегенов Макар Мендигалиевич сайланды. Жақсымай ауылдық округінің әкімі болып Құдайбергенов Руслан Ерғалиұлы сайланды.

Сайлау науқаны барысында және сайлау процесі кезінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңдарының барлық талаптары сақталды.