Конкурс 16.09.2020
Темір ауданының қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Темір ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Темір ауданының қоғамдық кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын шығып кеткен мүшесінің бос орынына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасында конкурстық іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік органның атауы: «Темір аудандық мәслихатының аппараты» ММ. Пошталық мекен жайы: 030800, Ақтөбе облысы,Темір ауданы,Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі 8 үй, 16 бөлме.Электронды пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Анықтама үшін телефондар: 22-5-71; 2-21-59.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2020 жылдың 16-29 қыркүйегі. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Темір ауданы шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Соттылығыныңболмауы;
2) Сот заңды белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;
3) Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс. Жоғарыда белгіленген талаптарғасай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңеске сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабының 4 тармағына сәйкес, коммерциялық емес болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Көрсетілген мерзімде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан құжаттар мына мекен жай бойынша қабылданады. 030800, Ақтөбе облысы,Темір ауданы,Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі 8 үй, 24 бөлме. Сағат 9:00-18:30 – ға дейін. Электронды пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Анықтама үшін телефондар: 22-5-71; 2-21-59.
Конкурстық іріктеу өткізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну барысында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат, оның Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10- бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуіне келісімін береді.
Жарияланды 16/09/2020 жыл.