Пресс-релиз 06.10.2020
6.10.2020 – «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Темір аудандық мәслихатының шешімінің жобасына баспа – релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес:
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
1. Осы Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн–өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Осы қағидалардағы 1, 2, 3-қосымшалар алып тасталсын.
«Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 «Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасы temirmaslihat.kz сайтында 2020 жылғы 6 қазанда, e-gov ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылғы
Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
--------------
6.10.2020 - Пресс-релиз к проекту решения Темирского районного маслихата «О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе»
В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О правовых актах»:
1. Внести в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4903, опубликованное 20 мая 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет) следующие изменения:
пункт 1 изложить в следующей новой редакции:
1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.
Приложения 1, 2, 3 к настоящим Правилам исключить.
Проект решения «О внесении изменений в решение районного маслихата от 11 апреля 2016 года № 15 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Темирском районе» размещен на сайте temirmaslihat.kz 6 октября 2020 года, на интернет-портале открытых нормативных правовых актов e-gov 6 октября 2020 года.
Темирский районный отдел занятости и социальных программ