Аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы 2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 9.00-де өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Жолдас Нұрланұлы Батырхан, аудандық мәслихаттың VI шақырылымының хатшысы Боран Оңғарұлы Ізбасов, аудан әкімінің орынбасарлары, сонымен қатар аудандық мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында мынадай мәселелер қаралды: «Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындылары туралы» аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.О.Әміровтың хабарламасы, сессия төрағасы және аудандық мәслихаттың хатшысы сайланды, аудандық мәслихаттың төрт тұрақты комиссиялары құрылып және олардың төрағалары бекітілді.
       

Күн тәртібін қарау барысында, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы М.О.Әміров, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасының аудан мәслихатының депутаттарын сайлау туралы қатысушыларды хабардар етті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелерді қарау барысында, аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат –  Гүлзира Теңізбайқызы Қалиева сайланды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы болып ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясынан депутат – Болат Сейтенұлы Шаимов сайланды.
Аудандық мәслихаттың 4 тұрақты комиссиялары құрылды.

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Гүлзира Теңізбайқызы Қалиева сайланды.

Аудандық мәслихаттың құрылыс, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Сабыржан Жәңгірұлы Молдақұлов сайланды.
Аудандық мәслихаттың әлеуметтік–мәдени даму, денсаулық сақтау, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат - Айнаш Сеилқызы Оспағамбетова  сайланды.
Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып «Nur Otan» партиясынан депутат – Бердіхан Меңдіханұлы Әділханов сайланды.
Сонымен қатар аудандық мәслихатта «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Сессияның қорытындысында аудан әкімі Ж.Н.Батырхан сөз сөйледі.