Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес Темір ауданы әкімі Батырхан Жолдас Нұрланұлы Қайыңды және Алтықарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Екі округтегі кездесуде де округ әкімдері Р.Рашев пен М.Алишев ауылдық округтердің  2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебін берді.

Аудан әкімі Батырхан Жолдас Нұрланұлы тұрғындарға «Темір ауданының 2020 жылғы элеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есебін беріп тұрғындар сұрағына жауап қатты

Қорытынды сөз алған Батырхан Жолдас Нұрланұлы ауданда атқарылған істермен қатар алда тұрған міндеттердің баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтінін баса айтып, округ әкімдеріне қажетті тапсырмалар берді. Кездесуді аудандық  мәслихат хатшысы Б.Шаимов жүргізіп отырды. Кездесуге Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Рүстем Қанапияұлы, жергілікті БАҚ өкілдері мен мекеме кәсіпорын басшылары қатысты.