Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқару органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын іске асыру барысында аудан әкімі Батырхан Жолдас Нұрланұлы Темір қалалық, Кеңқияқ, Саркөл, Жақсымай, Кеңестуы, Ақсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Сәйкесінше тұрғындар алдында округ әкімдері де өз округтерінің 2020 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы баяндамаларын жасады. Кеңқияқ, Саркөл округтеріндегі онлайн түріндегі есеп беру кездесуінде тұрғындардың белсенді қатысулары мен сұрақтары, атқарылған істерге деген ризашылықтары көңіл қуантты. Кездесулерге аудан депутаттары мен бөлім басшылары, баспасөз өкілдері қатысты.