ДӘЙЕКТІ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ

 

Осы апта аудан тарихында есте қаларлықтай саяси оқиғалар сәтімен ерекшеленеді. Бастысы «Nur Otan» партиясының жеңісі. Халық өз таңдауын жасады. Аудан халқы да белсенділігімен көзге түсті. Ауданның алтыншы шақырылымының депутаттары өз өкілеттігін жаңа құрамдағы депутаттар алдында тоқтатып, оларға сәттілік тіледі. Ал жаңа құрамда 10 азамат жетекші партиядан болса, бірі «Ауыл» партиясынан, бірі «Ақжол» партиясынан.       

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Мәжіліс депутаттарына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта басымдық халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға берілетінін айтты. Ол: «Мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер болады» дей келе, күш салынатын басымдықтарға тоқталды. Ауданның депутаттар корпусы да осы басымдықтар негізінде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына өз  үлестерін қосатын болады.

Шаимов Болат Сейтенұлы 

Темір аудандық мәслихат хатшысы.

 

САБАҚТАСТЫҚ, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРЛЕУ

  

Қай кезде болмасын Ел Президентінің Үндеулерінен, жарияланымдарынан ерекше тың жаңалықтар күтетініміз анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында да алдағы атқарылуға тиіс маңызды жұмыстарды айтып өтті.  Сонымен қатар ел басшысы өз сөзінде басты басымдық-халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру, халық жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтетінін ерекше атап өтті. Расында да, біздің мақсатымыз-озық  дамыған елдердің қатарына қосылу, азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау.   Осы орайда Ел Президенті бастаған барлық жоспар жемісті жүзеге асуы үшін ұлттың жасампаздық  әлеуетін арттыра отырып, бір кісідей жұмыла еңбек етуіміз керек!

Адаев Ғабит Аманғали

Темір аудандық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі