ТЕМІР АУДАНЫНДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. 

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Темір аудандық филиалында фракция отырысында аудандық мәслихат депутаттарына жүктелетін міндеттің маңызы зор екендігі сөз болды.

          Жиынға фракция төрағасы Адаев Ғабит төрағалық етті. Отырыста Темір ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы талқыланды. Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Темір ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, Саяси Кеңес бюросына жолдау мәселесі қаралды. Сайлауалды бағдарламаны толықтай қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға бір депутаттан бекітіліп, жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе фракцияның 2021 жылға жұмыс жоспары талқыланып, Саяси Кеңес бюросына келісуге жолдау туралы шешім етті.2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы негізінде жүктелген міндеттер мен тапсырмаларға байланысты депутаттар пікірлерін білдірді.

         Аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі  Бердіхан Әділханов:     -«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, мәслихат депутаты ретінде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын үнемі бақылап, назарда ұстап отыруды өз міндетім деп санаймын. Біздің басты мақсатымыз халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз ету, осы бағытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты мақсаттар мен істерді алға қойған болатын, біз енді сол мәселелерді жүзеге асыруға кірісеміз,-десе     Аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі  Гүлзира Қалиева:  -Аталған бағдарламамен танысып отырмыз, бұл бағдарлама халықтың барлық заман талабына сай талап-тілектері қамтылған. Яғни тұрғындардың кездесуде айтылатын ең негізгі сұрақтары енгізілгенін көріп отырмын – деді фракция мүшесі Гүлзира Қалиева.