Игілікті іс басында депутаттар. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысына қатысып, бұл кезеңнің еліміз үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Мерекені ұлықтау мақсатында құр даңғазаға бой алдырмай әр шараның халыққа тигізер пайдасы мен жастарға үлгі боларлық тәрбиелік насихаты болу қажеттігін баса айтты. Шара барысында шараның дені жастарға арнаулы, мемлекеттік нышанның ұлықталуы, біртұтас ұлттың қалыптасуы мақсатындағы тіл мәселесі мен экологиялық бастамаларға мән беру қажеттігі айтылып – Тәуелсіздік – ең басты байлығымыз. Біздің міндетіміз кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау деп атап өтті. Бұл мақсатта ауданда да іс шаралар жоспары жасалып, аудан тұрғындары үшін таным тағылымы мол мерекелік шаралар мен ауданның әлеуметтік экономикалық рухани әлеуетін көтеретін іргелі істер атқарылатын болады. Темір аудандық мәслихат депутаттары арасында да осындай өзекті шаралар ортасында болып, белсенділік таныту, 30 жылдық белеске шығудағы аудан жетістіктерін тұрғындар арасында түсіндіру, ақпараттық жұмыстарды насихаттау қажеттігі айтылды. Ол үшін депутаттар ауданда атқарылған әр істің бас аяғында қатар жүріп, ел мүддесі үшін аянбай жұмыс жасауы қажет.

Темір аудандық мәслихатының хатшысы

Шаимов Болат Сейтенұлы