Объявления
ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Темір аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес төмендегі сайлау комиссиясы мүшелерінің шығып кетуіне байланысты, құрамына өзгерістер енгізу басталғанын хабарлайды:
аудандық аумақтық сайлау комиссиясы -1
№365 учаскелік сайлау комиссиясы - 2
№384 учаскелік сайлау комиссиясы -1
№385 учаскелік сайлау комиссиясы -1
№386 учаскелік сайлау комиссиясы -1
Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері Темір аудандық мәслихатына 2021 жылдың 2 маусымынан 17 маусымына дейін келесі құжаттарды ұсынады:
1) Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатуралардың белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз нысандағы мәліметтері;
2) Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы шешімінің хаттамасынан үзінді;
3) Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
4) Кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы, белгіленген нысан бойынша өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидаттар үшін қажетті мәліметтердің нысаны, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру өтініші Темір аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде тұрақты тұруы қажет. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сайлау комиссиясының құрамының жартысынан көбі бір мемлекеттік ұйымнан болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-анасы, баласы, асырап алушылар, асырап алғандар, туған ағасы, апасы, әжесі, атасы, немересі) жұбайы кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған, құжаттардың орындалған күні, орындаған адамның аты-жөні, әкесінің аты және телефон нөмірі болуы тиіс.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан к-сі, 8 үй, Темір аудандық мәслихаты. Байланыс телефондары: (8-713-46)-22571, факс: (8-713-46)-22159, e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Темір аудандық мәслихаты
-------------------------
Объявления 19/03/2021 подробнее
Объявления 03/03/2021