Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында «2021-2023 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» мәселе қаралды. Аудан бюджетінің жыл басынан қалған басы бос қаржысы есебінен 356 296,4 мың теңгеге және облыстық бюджеттен 22 270 мың теңгеге көбеюіне байланысты баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Адаев Нұржан Адайұлының баяндамасын талқылаған аудандық мәслихат депутаттары өз ой пікірлері мен бөлісіп бюджет бөлінісіне қолдау білдірді. 

  

          9 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі Темір ауданының денсаулық сақтау ісінің жай күйі туралы болса екінші мәселе 2021-2023 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы 550 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болды. Сессия барысында баяндамашыларға аудандық мәслихат депутаттары тарапынан сұрақтар қойылды және күн тәртібіндегі мәселелерге бір ауыздан қолдау білдірілді. Сессия соңында аудан әкімі С.Аманбаев қорытынды сөз сөйледі.

  

        Аудандық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясында Темір ауданында денсаулық сақтаудың жай күйі туралы мәселе қаралып, аудан әкімінің орынбасары Нұрлыгүл Бердіханқызы баяндама жасады. Баяндаманы аудандық мекеме, кәсіпорын басшылары мен аудандық мәслихат депутаттары кеңінен талқылады. Депутат Ғ.Адаев өзін толғандырған мәселе жөнінде сұрақ қойды. Аудан әкімі С.Аманбаев сессияда қорытынды сөз сөйлеп, әсіресе өндірістегі жазатайым оқиғалардан денсаулыққа келетін зақымдарды болдырмау жөніндегі ойын ортаға салып, мәселе төңірегінде басшыларға нақты тапсырмалар берді.