Кезектен тыс сессия өтті

Аудандық мәслихаттың депутаты Б.Әділхановтың төрағалығымен 2021 жылғы 30 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясы болып өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 30 желтоқсандағы қала, ауылдық округ бюджеттерін бекіту туралы №562-571 және «Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы №110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегінен көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы он бір мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Шұбарқұдық, Алтықарасу, Жақсымай ауылдық округ әкімдері Қ.Нұралы, М.Әлішев, Р.Құдайбергеновтың баяндамалары тыңдалып, сұрақтар қойылды.

Мәселелер толық талқылаулардан өтіп, аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіне байланысты шешім жобаларына бір ауыздан қолдау білдірді.

Сессия соңында аудандық мәслихат хатшысы Б Шаимов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев қортынды сөз сөйледі.

 Аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов

 ----------

Жауапкершілік жүгі аз емес

30 наурыз күні аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен «Жергілікті округ әкімдерінің жергілікті бюджетті қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында семинар кеңес болып өтті.

Атап айтқанда жергілікті бюджетті қалыптастыру, қаржылық құжаттарды әділет органдарында тіркеуден өткізуге дейінгі процедураларды толық әрі сапалы, уақытында орындаудың маңызы туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Д.Қалмағамбетова баяндама жасады. Аудандық мәслихаттың бөлімше басшысы Г.Мандаева әр округтің қаржылық құжаттарды мәслихат сессиясына дайындаудағы кемшіліктері мен олқылықтарына тоқталды.

Нәтижесінде Саркөл ауылдық округі әкімдігінің жұмыстарына сын айтылып, жауапкершілікті арттыру мәселесі ұсынылды.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, кеңеске қатысқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаев округ әкімдері мен тиісті мамандарына бұл бағытта жан жақты көмектер ұйымдастырылып жатқанына, алда әлі де тиісті шаралар атқарылатындығына тоқталды. 

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов