2022 жылдың 1 ақпан күні ZOOM платформасы арқылы облыстық мәслихат депутаты Б.Сарсенбина және облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы С.Шынтасовамен онлайн кездесу өтті. Жиналысқа аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Онлайн кездесу барысында округ әкімдері тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, ел халқы үшін атқарылуы тиіс шараларға ықпал етуге ұсыныстар берілді. Мұндай мақсаттағы кездесулерді алдағы күндері де жүйелі өткізуіміз керек деді С.Шынтасова. 

 

2022 жылдың 19 қаңтар күні аудандық мәслихат депутаты Б.Әділхановтың төралығымен аудандық мәслихаттың құрылыс, көлік тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында Ақтөбе облысы Темір ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 2022 жылға жоспарланған іс шаралар туралы мәселе қаралды.

Тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов, Темір ауданы әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев, «Nur Otan» партиясы АФ төрағасының бірінші орынбасары А.Нұрғалиев, бөлім басшылары және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Комиссия отырысына катысушылар жол картасының 2022 жылға жоспарланған іс шаралар туралы өз ой пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. 

Ағымдағы жылдың 30 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаты А.Кенжегалиевтың төралығымен аудандық мәслихаттың бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында 2022–2024 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджетін бекіту туралы» мәселесі қаралды. Депутаттар аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Адаев Нұржан Адайұлының баяндамасын талқылап, өз ой пікірлерімен бөлісіп, бюджет бөлінісіне қолдау білдірді. 

2021 жылы 23 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Шаимовтың төралығымен аудандық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясының отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібінде Темір аудандық мәслихат хатшысының 2021 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Сессияда көптеген мәселелер қаралды соның ішінде сессияның күн тәртібіне сәйкес, 2022–2024 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекітілді.

Жиын соңында аудан әкімі және аудандық мәслихаты хатшысы Б.Шаимов жиынға қатысушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі, және де аудандық мәслихат депутаты Чирков Максим

Николаевич және «Nur Otan» партиясы Темір аудандық филиалының кеңесшісі Әлкен Нұрекешұлы Мұстафинге алғыс жарияланады.