Хабарландыру
Темір ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
Темір аудандық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 14 ақпандағы № 9 өкімімен бекітілген, Темір ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы, Темір ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Темір аудандық мәслихаты;
Пошталық мекенжайы: 030800, Актөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан 8, 24 бөлме. Электрондық пошта мекенжайы:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Анықтамалар үшін телефондар: 22571, 22159.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы «15» ақпан - «28» ақпан аралығында.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Темір ауданының шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен көрсетілген анықтамаларды мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді:
1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса.
Сонымен бірге, Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алатынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы - 12 мүшеден тұрады, оның 4-еуі мемлекеттік органдардың өкілдері және 8-і коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан өтініштер жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан 8, 24 бөлме, сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 12.00-ден 13.30-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер, белгіленген мерзімде, қағаз және электронды түрде.
14 ақпан 2022 жыл
-------------------
Объявление о проведении конкурса по избранию членов Общественного совета Темирского района
Рабочая группа по формированию Общественного совета Темирского района, утвержденная распоряжением секретаря районного маслихата от 14 февраля 2022 года № 9, объявляет о проведении конкурса по избранию членов Общественного совета среди представителей некоммерческих организаций и граждан, желающих пройти конкурсный отбор в состав Общественного совета Темирского района.
Наименование: Темирский районный маслихат; Почтовый адрес: 030800, Актюбинская область, Темирский район, поселок Шубаркудык, улица Желтоксан 8, кабинет 24. Адрес электронной почты:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Телефон для справок: 22571, 22159.
Срок подачи документов: с «15» февраля по «28» февраля 2022 года.
Требования, предъявляемые к кандидатам в члены Общественного совета: Кандидатом в члены Общественного совета может быть гражданин Республики Казахстан, достигший восемнадцати лет, проживающий в пределах Темирского района.
В соответствии с пунктом 1 статьи 10 Закона РК «Об Общественных советах» (далее - Закон), кандидат в члены Общественного совета не должен:
1) иметь судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;
2) быть, в установленном законом порядке, признанным судом виновным в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения;
3) состоять на учете в организациях, оказывающих медицинскую помощь в области психического здоровья, по поводу психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ.
Согласно пункта 2 статьи 10 Закона, для участия в конкурсе представляются следующие документы:
1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина о выдвижении кандидатуры в состав Общественного совета;
2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных.
3) справка о наличии либо отсутствии судимости;
4) справка о наличии либо отсутствии психических, поведенческих расстройств (заболеваний), в том числе связанных с употреблением психоактивных веществ.
Кандидат в члены Общественного совета представляет справки, предусмотренные подпунктами 3) и 4) пункта 2 статьи 10 Закона, самостоятельно или посредством письменного согласия на истребование указанных справок государственным органом из информационных систем.
Кандидаты не допускаются к конкурсу для избрания при наличии одного из следующих случаев:
1) несоответствия требованиям, установленным в пункте 1 статьи 10 Закона;
2) непредставления документов и (или) сведений, указанных в пункте 2 статьи 10 Закона;
3) представления документов и (или) сведений, содержащих недостоверную информацию.
Вместе с тем, доводим до Вашего сведения, что в соответствии с пунктом 4 статьи 9 Закона, от одного юридического лица, являющегося некоммерческой организацией, в Общественный совет может быть избран только один представитель.
Количественный состав Общественного совета составляет – 12 членов, из них 4 - представители от государственных органов и 8 - представители от некоммерческих организаций и граждане.
Документы предоставляются некоммерческими организациями и гражданами нарочно в письменном виде по адресу: поселок Шубаркудык, улица Желтоксан 8, кабинет 24, с 08.00 часов до 17.30 часов, обеденный перерыв с 12.00 часов до 13.30 часов, выходной суббота, воскресенье, в установленные сроки, на бумажном и электронном носителе.
14 февраля 2022 года