1.03.2022

Бүгін аудандық мәслихат жанынан құрылған тұрақты комиссиялардың отырыстары болып өтті. Бюджет, экономика, кәсіпкерлік және коммуналдық сала, аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларда ауданда су тасқынына қатысты атқарылған шаралар мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылшаруашылық саласы бойынша межеленген жұмыстардың орындалу барысы қаралды. Отырыс барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Нұртазин аудан бойынша, ал С. Төлеуов Шұбарқұдық ауылы бойынша су тасқынына қатысты алынған шараларға тоқталды. Күн тәртібіндегі өзге мәселелер бойынша аудандық ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі бөлім басшысының м.а. И. Алдашева мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы м.а. А. Сәрсенбай жол картасында атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары А.Жанболат, аудандық  «Nur Otan» партиясының кеңесшісі Ә. Мұстафин мен аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты мен бөлім басшылары қатысты. Отырыс соңында қорытынды сөз сөйлеп жол картасында жоспарланған жұмыстың орындалуы біз үшін аса маңызды екеніне тоқталдым. Дәл осы кезде теледидардан «Nur Otan» партиясының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының болып жатқандығы, одан туындайтын мәселелер үшін қайтадан басқосулар болатынын жеткіздім. Отырысты тұрақты комиссия төрағасы аудандық мәслихат депутаты Г. Қалиева жүргізіп отырды. Барлық мәселелер хаттамаға түсіріліп тиісті атқарушы органдарға орындау үшін жіберіліп, орындалуы бақылауға алынатын болады.

 

 

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Шаимов