2.03.2022

2 наурыз күні аудан әкімі С.Е.Аманбаев мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі Темір аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болып тіркелген Нұртұрғанова Хурлиман Қыдырбергенқызын депутаттық корпуспен таныстырды. Ақпан айының 28 -де Х. Нұртұрғанованың кандидатурасы “Nur Otan” партиялық тізімі бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылып, комиссия қаулысымен тіркелді. Аудан әкімі депутаттық корпусқа қосылған жаңа депутатқа төсбелгімен куәлік табыстады.