Жұмыс тобының отырысына аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Шаимов, жұмыс тобының басшысы Н.Семибаев, жұмыс тобы мүшелері мен байқаушы қатысты.

Жұмыс тобының мүшелері атап өткендей, 2022 жылғы ақпан айының 15-28 аралығында жұмыс тобына азаматтық қоғам өкілдерінен қоғамдық кеңес құрамына конкурсқа қатысу үшін 14 ұсыныс, оның ішінде коммерциялық емес ұйымдардан 3 ұсыныс және азаматтардан өзін-өзі ұсыну туралы 11 өтініш келіп түсті. Темір ауданының қоғамдық кеңесінің құрамына конкурс туралы тиісті хабарландыру Темір аудандық мәслихатының сайтында жарияланды. Келіп түскен құжаттарды қарау қорытындысы бойынша барлық 14 кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес деп (соттылығы жоқ, сот сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмайды) жұмыс тобымен танылды және әңгімелесуге жіберілді.

Отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері Темір ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне 14 кандидатпен әңгімелесті. Нәтижесінде конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша азаматтық қоғамнан Темір ауданның Қоғамдық кеңесінің құрамына 8 кандидат іріктелді. Тағы 6 үміткер конкурс қорытындысы бойынша Темір ауданының қоғамдық кеңесінің құрамына кірмеген азаматтар кандидаттардың резервтік тізіміне енді.
Үміткерлер жұмыс тобының мүшелерімен қандай да бір өзекті мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті.

Ауданның Қоғамдық кеңесіне әр түрлі бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Темір өлкесіне танымал адамдар кірді. Бұл әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер, партия өкілдері.

Нәтижесінде Темір аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі отырыстың шешімімен аудандық мәслихаттың сессия отырысына бекітілуге ұсынылды.
Ал Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасы қоғамдық кеңестің бірінші отырысында бекіту ұсынылды.