2022 жылы 18 наурыз күні аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Шаимовтың төралығымен аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясының отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңын орындау мақсатында Темір ауданында 2020-2021 жылдар аралығында өткізілген іс-шаралар туралы жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Сессияда көптеген мәселелер қаралды соның ішінде сессияның күн тәртібіне сәйкес, Темір аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 132 «2022–2024 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Е.Д.Төлеуовке, С.Б.Боранқұловқа «Темір ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы және Темір ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы мәселелер қаралды.