2022 жылы 5 сәуір күні аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Шаимовтың төралығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясының отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне сәйкес Темір қаласы және Ақсай, Алтықарасу, Жақсымай, Кеңестуы, Қайыңды, Тасқопа, Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Саркөл ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі баяндамалары тыңдалып, мəслихат депутаттарымен мақұлданды.

Жиын соңында мəслихат хатшысы Б.Шаимов пен аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев округ əкімдерінің аудан бюджетінен бөлінген қаржыны игеру жұмыстарын нақтылауды тапсырып, тиімді жұмсауды ұсынды.