2022 жылы 1 маусым күні аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Шаимовтың төралығымен аудандық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының отырысы өтті.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібінде Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 – 2021 жылдары атқарған жұмыстары туралы. Сондай-ақ Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есебін бекіту туралы есебі тыңдалды.

Сессияда көптеген мәселелер қаралды соның ішінде "Қала және ауылдық округтердің 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы" округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Жиын соңында мəслихат хатшысы Б.Шаимов пен аудан әкімі С.Аманбаев округ əкімдерінің аудан бюджетінен бөлінген қаржыны игеру жұмыстарын нақтылауды тапсырып, тиімді жұмсауды ұсынды.